Іле Алатау паркін өртеп жібере жаздады
Іле Алатау паркін өртеп жібере жаздады
229
оқылды

Жасөспірімдер Іле Алатауы ұлттық паркінің Түрген баурайын өртемек болған.

Ұлттық парктің Facebook-тегі парақшасында: «Іле Алатауы мемлекеттік мекемесі Түрген бөлімшесінің хабарлауынша, 27 қазанда Есік орман шаруашылығында 2 жерден өрт шыққан. Өрт 1,5 га аумақты шарпыды. Орманда біреулер қасақана от жаққаны анықталды», — деп жазған.

Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, ұсталғандар Есік қаласының кәмелетке толмаған жасөспірімдері екені анықталған. Күдіктілердің ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесіне барып, түсініктеме жазған. Балалар тауда өрт қойғанын мойындаған.