Праймериз әйелдердің саяси белсенділігін көрсетті
Праймериз әйелдердің саяси белсенділігін көрсетті
277
оқылды

Алматыда нұротандықтар жергілікті өзін-өзі басқарудағы әйелдердің рөлін талқылады.

Қазіргі таңда Алматыда «Nur Otan» партиясы қатарында 59 мың адам бар. Оның 42 мыңы әйелдер. 667 бастауыш партия ұйымының 50%-ын әйелдер басқаратындығы айқындалып отыр. Мысалы, Түрксіб ауданында «КазферроСталь» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымында 578 нұротандық тіркелген. Бұл бастауыш партия ұйымын Аида Бекманова басқарып отыр. Жетісу ауданында «Жолаушы-Экспресс» бастауыш партия ұйымында 377 нұротандық болса, оны Замира Есмұратова басқарады. «Nur Otan» партиясының Алмалы аудандық филиалында әйелдер басқаратын ең көп мүшесі бар бастауыш партия ұйымы ҚР Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы жанындағы бастауыш партия ұйымы мен «Ұлағат» БПҰ, тиісінше  бұл ұйымдар 634 және 443 партиялықтан тұрады. Праймериздің бірінші кезеңі әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетті. Оның үстіне, алматылықтар республика бойынша ең көп болды. Олардың праймеризге қатысу үлесі – 36%. Олардың басым бөлігі Алматыдан тыс жерлерде де танымал. Атап айтар болсақ олардың арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы Жәмила Серкебаева, дизайнер Аида Кауменова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қарагөз Сүлейменова, халықаралық шебер, әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік және басқалары бар. Праймериздің екінші кезеңі саналатын «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық конференциясы да әйелдердің елдегі, сондай-ақ тікелей мегаполистегі қоғамдық-саяси процестерге қызығушылығын растады. Алдағы сайлауға қатысушылар тізіміндегі әйелдердің өкілдігі екі есе – 16-дан 35%-ға дейін ұлғайды. Бұл ретте, «Nur Otan» партиясы қатарындағы әйелдер мегаполистің барлық сегіз ауданында ұсынылған, бірақ олардың басым бөлігі Әуезов ауданында. Дебат турнирінің қорытындысы бойынша 13 үміткердің ішінен нұротандықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы Алматы қаласынан Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне 7 кандидатты таңдады. Олардың ішінде екі әйел бар. Олар – білім беру саласының өкілі Жұлдыз Сүлейменова мен қалалық Қоғамдық кеңестің өкілі Алтынай Көбеева. «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрайымы Зульфия Байсақованың айтуынша, Алтынай Көбеева азаматтық қоғамның өкілі бола отырып, көпшіл, туындайтын мәселелердің барлық тараптарын, халықтың барлық топтарының өкілдерін тыңдай алады және біз алға жылжытқымыз келетін заңнама нормаларына дұрыс тәсілдерді тұжырымдай алады. Әңгіме әйелдердің құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау туралы болып отыр. Ол сондай-ақ алименттік өзара-мемлекеттік қорды құруға аса қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, нұротандықтар өздерінің кадрлық әлеуетін арттыруға көңіл бөле бастады. Мәселен, партияның Әуезов аудандық филиалында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары ұзақ жылдар бойы тәжірибелі партия қызметкері Найля Ордабаева болса, партияның Жетісу филиалын ауданның жаңа тағайындалған әкімі Гүлнар Көкебаева басқаруды қолға алды.