Аймақ гүлденсе, ел дамиды
Аймақ гүлденсе, ел дамиды
218
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жа­һандық, әсіресе өңірлік на­рықта табысты, бәсекеге қабі­летті, қуатты әрі техноло­гия­лық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет екенін атаған. Соған орай, Қазақстанның ин­дус­триалды-инновациялық да­мытудың 2015-2019 жыл­дар­ға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай, индус­трия­ландыру, өнеркәсіп, инвестиция тарту жұмыс­та­ры­ның Қызылорда облысында орындалуы бақылауға алын­ған.

Осы күні ауқымды бағдарлама аясында облыста құны 567,7 млрд тең­гені құрайтын, іске қосылған шақ­та 6 мың жұмыс орны құрылатын 28 жоба жүзеге асырылуда. Оның 7-еуі іске қосылған. Мәселен, был­тыр іске қосылған екі жоба бар. Цемент және әк шығару зауыттары тұрақты түрде өнімін шығару үстінде екенін өңір тұрғындары жақсы біле­ді. Шиелі ауданындағы там­по­наж­ды цемент зауыты бүгінде 5 түрлі өнім шығарып, 100 мың тоннадан астам цементті Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарына сатуда. Тіпті, шілде айынан бастап Өзбекстанға 7,5 мың тонна өнім экспортталған. Ал биыл­дың өзіне бұл кәсіпорын 350 мың тонна цемент өндіру жоспарлаған.

Биылғы өңірлік кәсіпкерлікті қол­дау картасында 3,5 мың жұмыс ор­ны құрылатын 25 жоба бар. Со­ның бірі – балық зауыты. 3 кезеңнен тұратын балық зауыты қосылса, Арал ауданындағы жергілікті тұр­ғын­­дарды жұмыспен қамтиды. Мә­се­лен, жобаның 1-кезеңі – ба­лық сүбесін өңдеу цехын іске қосу. Қазір оның құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған. Құрал-жабдық­тар, су, газ, кәріз жүйелері толық қо­сылған. Бүгінде тек электр желісін жүргізу жұмыстары қолға алынған. Оған қоса, 2019 жылы өңірде ет комби­на­ты­ның құрылысы басталды. Жылы­на 5 мың тонна етті тереңінен өң­дей­тін комбинат экспортқа бағыт­тал­ған, өнімі вакуумды қаптамада шыға­ры­латын ірі кәсіпорынның бірі болмақ.

Өз өнімін шет мемлекеттерге шы­ғару да қарқын алып келеді. Құ­ны 6 млрд теңгені құрайтын 218,7 мың тонна тұз, балық, пропан-бу­тан, аммоний метаванадаты, мия та­мы­рының сығындысы секілді өнім түрлері экспортталған. Бұл көр­­сеткіш өткен жылдың осы ке­зе­ңі­­мен, яғни алғашқы жеті аймен салыстырғанда 37 пайызға өскен. Ин­­дустриялық кәсіпорындарда өнді­рілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнер­кәсібінде 17 пайыз үлесті құра­ған.

Елбасының Жолдауында жүк­тел­ген негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестиция тарту. Қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру мақсатында, өңірде қажетті инфрақұрылымдық жүйелер құрылып, тиімді жұмыс жасауда. Бұл ретте инвесторларға ың­ғайлы әрі тиімді болу үшін бар­лық қызметті бір жерден алуға мүм­кіндік бар. Оған мүмкіндік бере­тін кәсіпкерлерге қызмет көр­се­ту орта­лығы базасында 2018 жылы фронт-офис құрылды. Онда бір жерде шо­­ғырланған 12 мекеменің қызме­тін толықтай пайдалануға оңтайлы. Мысалы, аталған орталық «бір тере­зе» қағидасы бойынша жер, сәулет, құрылыс, мемлекеттік кіріс­тер, ин­­же­нерлік коммуника­ция­ларға қосылу мәселелері бойын­ша 70-ке жуық қызмет түрін көрсетеді. Орта­лық жұмысын автоматтандыру ар­қы­лы техникалық шарт беру уақыты 1 айдан 3 жұмыс күніне дейін қыс­қар­тылмақ.      

Индустриялық аймақтардың жағдайына келсек, облыс бойынша 6 индустриялық аймақ құру үшін жалпы көлемі 909,9 гектар жер телі­мі бөлінген. Бүгінгі күні индус­трия­лық аймақтарда жалпы құны
193,27 млрд теңгені құрайтын 46 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 65,3 млрд теңгені құрайтын 20 жоба іске асы­рылып, 403 жаңа жұмыс орны ашыл­ған. Ал өнеркәсіп­тің өңдеу өнер­­кәсібі саласында осы жыл­дың 7 айында 70,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген екен. 2019 жылдың қо­ры­тын­дысымен өнеркәсіптік өн­ді­­ріс көлемі 92 пайызға қамтыл­мақ­шы. Сонымен бірге өңдеу өнер­кә­сібінің өнім көлемін мөлшерден асыра орын­дау жоспарда тұр. 7 айда облыс­та өңдеу өнеркәсібі саласында құны 289 млн теңгені құрайтын 5 кәсіп­о­рын іске қосылып, 53 жұмыс орны құрылған. 2025 жылға дейін рес­пуб­ли­ка бойынша қарапайым заттар им­портын 37 пайызға азай­ту­ды көз­­дей­тін «Қарапайым заттар эко­но­микасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты Үкі­мет қаулысы қабылданды. Соған сәйкес өнеркәсіп өнімін шығаратын кәсіпорындарға жеңілдетілген шарт­­тармен 600 млрд теңге бөлінді. Осы күнге дейін бағдарлама аясында облысқа жалпы құны 8,2 млрд теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның арасында 1,5 млрд теңгені құрайтын 10 жоба мақұлданған.

Бағдарлама аясында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және жер­гілікті қамту үлесін анықтау мақ­с­а­тында бюджет қаражаты есе­бінен сатып алатын тауарларға апта сайын мониторинг жүргізілуде. Биылғы тамыздағы жағдай бойын­ша, өңірде жергілікті қамту үлесі же­ңіл өнер­кә­сіп саласы бойынша – 41%, тамақ өнер­кәсібі – 70%, жи­һаз өнеркәсібі – 20%, құрылыс ин­дустриясы 26% болды.

Сонымен қатар өңдеу өнеркә­сі­бін­дегі жаңадан іске қосылған кә­сіп­орындар цифрландыру техно­ло­гиясын қолдану арқылы жұмыс жасауда. Атап айтқанда, 2018 жылы іске қосылған тампонажды цемент зауытының жұмыс процесі толықтай орталықтандырылған бір жүйе ар­қы­лы бақыланып отырады. Қазір өнеркәсіп саласында бұл бағыттағы жұмыстарды уран өндіруші компа­ния­лар мен мұнай компаниялары қолға алған. Технологияларды енгізу жұмыстарын «Байкен-U» және «Қаз­­гермұнай» серіктестіктері бас­тап кетсе, «Айдан Мұнай» ЖШС тех­­нологияларын әзірлеу жұмыста­рын жүргізуде.

«Қазгермұнай» серіктестігі 2019 жыл­дың соңына дейін «Интел­лек­­туал­ды кеніш» технологиясын енгі­зу­ді жоспарлап отыр. Бұл ретте мұ­­най өндіру көлемі 1-2 пайызға де­йін артады. Ал операциялық шы­ғыс­тар 10 пайызға азаяды. Бас­қару шешім­де­рі тиімділігі 20 пайызға дейін арт­пақ­шы.

 

Айдар ӘДІЛЖАНҰЛЫ,
Қызылорда облысы