Ұлттық бірегейлік – қоғамға қажет құндылық
Ұлттық бірегейлік – қоғамға қажет құндылық
973
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көп­ұ­лтты елдің тұ­тас­тығын берік сақ­тау мақ­­сатында, бір-біріне де­ген құр­метті нығайту үшін Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясын құрды.

«Біздің ортақ міндетіміз қоғам­дық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау – тәуелсіз Қазақстан­ның басты әрі даусыз табыстарының бірі. Біздің ынтымағымыз одан ары нығая берсін, ал жүрегі ортақ же­тістіктер үшін мақтаныш пен алғысқа толы болсын» деген еді. Ассамблеяның міндеті – халық бір­лігін, ынтымақтастығын нығай­ту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сондай-ақ қоғамдағы адамның құқығына, бостандығына қысым жасауға бағытталған әре­кеттерге қарсы тұруда мемлекет­тік органдарға жәрдемдесу. Елбасының осы ұлтаралық ынтымақтастық, қоғамдық тұтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларына үлес қосуға тырысып келеміз. Жастар жылында Достық үйінде Башқұрт­стан Республикасының 100 жыл­дығына орай, Нұр-Сұлтан қа­ласы Қазақстан халқы Ассам­блеясы мен елордалық «Акбузат» башқұрт этно­мәдени орталығының ұйым­дас­тыруымен достықты нығайту мақ­сатындағы іс-шара өтті. Түркия Республикасының құрылғанына 96 жыл толуына байланысты Түр­кия­­ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяник мырза бастаған елшілік қызметкер­ле­­рі­мен кездесу өтті. «Мың бала» бай­қауында да түрлі ұлттың бала­ла­ры мемле­кет­тік тілде көрерменді өне­рімен тән­ті етті. Ұлттық орта­лық­та «Тәуелсіздік жыл­дарындағы Қа­зақ­стандағы ұлта­ралық қатынас мә­­с­елесі: Қа­зақ­станның архив де­рек­­терінде» атты ғылыми семинар өткізілді. «Ұлы даланың жеті қы­рын» басшы­лық­қа алған ҚХА-ның «Қа­зақ­тану» жо­басы аясында мәде­ни іс-ша­ралар өтті. «Рухани жаң­ғыру» шең­берінде жү­зеге асырылған жиын­дар жал­пыұ­лт­тық тарихи са­на­ны нығайту, ұлттық біріктіруші құн­ды­­лықтарды қалып­тас­ты­руға бағыт­тал­ған.

Елбасы бейбітшілік пен келісім­ді үнемі басты назарда ұстайды. Қоғамның көпұлтты, мәдениет пен тілдердің көптүрлігі біздің артық­шы­лығымызға айналып, елдің дамуына берік негіз болды.

Елде бүгінгі күнде бірлік пен тәуелсіздік, азаматтық бейбітшілік пен ұлттық келісім, ынтымақтастық, достық қарым-қатынас өз жалғасын табуда. Жастар үшін көптеген пат­риоттық, адамгершілік мақсатын­дағы іс-шаралар өткізілуде.

Қоғамда өз орнын тауып, тату-тәтті өмір сүріп отырған этно­с­тар­дың басын Ассамблея біріктіріп отыр. Ас­самблея «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбында сессия өткізді. Қоғамдағы тұтастық пен ұлттық бірегейлікті сақтау маңызды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласында «Ұлттық бірегейлікті сақтауға» ай­рықша маңыз берді. Ұлттық біре­гейлік – қоғамға қажет құндылық. Мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың азаматтық бірегейлігінің арқасында десек қателеспейміз. Бүгінгі күнде отансүйгіштік, мейі­рім­ділік, төзімділік, ауызбіршілік, намысшылдық, батырлық, ұлтжан­дылық, адалдықты өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіру — әрбір азаматтың парызы. Жас ұрпақты тәрбиелеп отырған педагогтар мен ата-ананың міндеті. Елбасы айтқан­дай, «Біздің бабаларымыз тірі болу үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір болуымыз керек». Бұл дәстүр үзіл­ме­се, ғасырлар бойы көпұлтты мем­ле­кетіміздің тыныштығы тұрақты, қоғамдық тұтастығы мықты болмақ. Бейбіт елдің саналы ұрпағы елдің тірегі болып қала бермек.

 

Шерзод ПУЛАТОВ, 
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Төрағасының орынбасары