Тек қана вакцинамен коронавирусты жеңе алмаймыз – Тедрос Гебрейесус   

Тек қана вакцинамен коронавирусты жеңе алмаймыз – Тедрос Гебрейесус   

Moderna компаниясының вакцинасы туралы айтқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустың айтуынша, ауруға шалдыққандарды ұдайы қадағалап отыру қажет.  

Moderna компаниясының вакцинасы сынақтан өтіп, 94,5 пайыз тиімді екені дәлелденді. Егер осы вакцина егілетін болса, қолжетімсіз болуы мүмкін. Себебі, вакцина бірінші кезекте медицина қызметкерлері, қарт адамдарға ғана егіледі. Ол «вакцина табылды екен" деп арқаны кеңге салуға болмайтынын да ескертті.