Модель болмақ қайда деп...
Модель болмақ қайда деп...
937
оқылды

Қазақстанға сән әлемі бүгін келген жоқ, бұл бизнес  қарқынды дамып жатыр. Шетелдік деңгейге жетудің де ауылы алыс емес көрінеді. Әрине, жастардың да бұл кәсіпке қызығушылығы бары анық. Алайда ересектер арасында, жалпы халық ішінде әдемілікке еліктеу байқалады. Оған дәлел – түрлі халықаралық деңгейдегі сән көрсетілімдері мен кастингтерге жиналатын қыз-жігіттердің саны. Оған қоса, кейбір ата-ана балаларын осы жолға бағыттап, сән агенттіктеріне өздері әкелуде.

[caption id="attachment_88140" align="alignnone" width="819"]модель ©Queen model agency[/caption] Дегенмен қазақ менталитетінен бе, әлде сән әлемі жайлы қалыптасқан стереотиптен бе, көп ата-ана балаларын сәнқой болуға жібергісі келмейтіні де рас. Осы жолы сән агенттіктердің басшылары мен қазақстандық модельдермен әңгімелесіп, Қазақстандағы модельдер қалай ақша табатынын, оларға қандай талап қойылатынын білуге тырыстық. [caption id="attachment_88142" align="alignnone" width="818"]модель ©Robert_models[/caption]

Модельдерге қойылатын талап

 Сұрастыра келе білгеніміз, әр сән агенттігінің талабы әртүрлі екен. Олардың жұмыс істеу бағытына қарай ішінара бөлінеді. Астанадағы Robert_models сән агенттігінің мәлімдеуінше, подуимға шығатын модельдердің бойы 175 см және одан жоғары болуы керек. Ал фотомодельдік қыз-жігіттердің бойы – 170 см және одан жоғары. Үшінші бағыты – инста-модель, олар – 165 см. [caption id="attachment_88145" align="alignnone" width="819"]модель ©Robert_models[/caption]

«Әрине, сән әлемінде жұмыс істеймін деген әр жанға қойылатын бірқатар талаптары бар. Бірақ ол қатып қалған дүние емес. Бастысы бойдан бөлек, дене бітімі де, күтімі де жақсы болуы тиіс», – дейді Robert_models сән агенттігінің менеджері Жанель Қайранбекова.

Барлық сән агенттігінің бір ұқсастығы – әлемдік стандарттарға сай болуды талап етеді. Ол – 90-60-90. Ал жас жамасы 13 пен 25 жас аралығы екен. [caption id="attachment_88146" align="alignnone" width="819"]модель ©Robert_models[/caption]

– Ең әуелі адамның қалай көрінуіне байланысты. Мәселен, бірі  жас болса да, үлкен көрінсе, енді бірі  жасы келсе де, жас көрінуі мүмкін.  Біз 14 жастан 30 жасқа дейінгі қыз-жігіттерді қабылдаймыз. Арасында 32 мен 35 жастағы моделіміз бар. Кейбірінің 2-3 баласы да бар. Оның үстіне, соңғы кезде жасы үлкен әрі тәжірибелі модельдерге сұраныс ұлғайған, – деді Andres сән агенттігінің директоры Евгений Коновалов.

Оның айтуынша, әуелі модель талапқа сай қалпын сақтаса болғаны. Ал оның не жеп, не ішетінін қадағаламайды. Бірақ дұрыс тамақтанып, фитнеспен айналысуына кеңес беруде. [caption id="attachment_88152" align="alignnone" width="823"]модель Robert_models[/caption]

Модельдің тұрмысқа шығуы мүмкін бе?

Әрбір сән агенттігінің өз қызметкерімен келісімшартқа отыратыны белгілі. Онда орындауға міндеттейтін талаптарымен бірге, тыйым салатын да шарттары бар. Агенттіктердің бәрі бірауыздан әр модель өз сән агенттігімен ғана жұмыс істейтінін мәлімдеді. Олардың тұрмысқа шығып, отбасын құруына да шектеу қойылмаған. [caption id="attachment_88155" align="alignnone" width="819"]модель ©Andres[/caption] «Моделіміз айына 5 рет келіп, жұмыс істеуі мүмкін. Не болмаса сол айда мүлдем шықпауы да ықтимал» деген Andres сән агенттігінің директоры бұл  модельдердің негізгі жұмысы емес, қосымша табыс көзі екенін жеткізді.

Сонымен қатар кез келген модель қалаған уақытында бұл саладағы жұмысын тоқтата алады. Ең қызығы, кейбір агенттік өз моделіне жасанды кірпік, тырнақ жасатып, қасы-көзін тартқызғанына тыйым салады екен.

[caption id="attachment_88159" align="alignnone" width="855"]модель ©andres.kz[/caption]

Олардың табысы қанша?

Негізі, модельдерге төленетін ақы әрбірінің агенттігіне байланысты. Бірі біліктілігіне, тәжірибесіне қарай төлесе, кейбірі  әр көрсетілімнен пайызын ғана береді. «Әрине, модельдің тәжірибесіне қараймыз. Алайда ақысы бәріне бірдей төленеді. Жас әрі өзін жақсы көрсетсе, жалақысы да жақсы болады. Жаңадан келгендердің жұмыс істеуіне құлшынысын оятуға тырысамыз», –  деді Robert_models сән агенттігінің директоры Роберт Алдияров. [caption id="attachment_88160" align="alignnone" width="1024"]модель ©Andres[/caption]

– Бізде модельдерге әртүрлі төленеді. Ең алдымен тапсырыс беруші қандай модель таңдайды, оның қайсысы тұсаукесерді ашады, қайсысы жабады, арасында тағы шыға ма, соған байланысты төленеді, – дейді Queen model agency сән агенттігінің директоры Меруерт Нұрмағамбетова.

[caption id="attachment_88161" align="alignleft" width="517"]модель ©queen.models.kz[/caption] Жалпы, модель жұмысының түрлеріне қарай ең көп төленетіні – коммерциялық фотография (дизайнерлерге арналған іздеу кітабы, жарнама), мұнда бір күнде 400-500 доллар табуға болады. Сән көрсетілімдеріне қатысу көбінесе имиджге инвестиция ретінде қарастырылады, өйткені бұл өзін көрсетуге және қызықты коммерциялық ұсыныстар алуға мүмкіндік береді. Орта есеппен Алматыдағы модель әр шоу үшін 50-100 доллардан және жол-пұлы үшін әр шоуына 20 доллардан төленеді. Ал жарнамаға түсетін модельдерге ең аз төленеді – сағатына 3-5 мың теңге. Айтпақшы, жергілікті модельдеу агенттіктері промоутерлік агенттік ретінде жұмыс істейді, әйтпесе олар өмір сүре алмайды.

  Осы салада 20 жыл бойы жұмыс істеген Models Production-ның иесі Ирина Байжанова  балаларға брендті жарнамалау бойынша бір-екі ғана ірі жоба болғанын айтты.  Осыған ұқсас жағдай «Тутси» балалар модельдеу агенттігінде де кездеседі: баланың билборд пен видеоға түсуіне 1000 доллар төлеген екен.

[caption id="attachment_88162" align="alignnone" width="1024"]модель ©queen.models.kz[/caption]

Модельдер не дейді?

Марат Қойшыбаев деген жігіт модель болып жұмыс істейді. Бірақ бұл – оның қосымша табыс көзі. Негізі, өзі асаба екен. Бәрі келісімге байланысты шешіледі.

– Бұл салада жүргеніме бір жылдай болып қалды. Кейде таныстарымыз дүкен ашып жатады. Сондайда киімдерін тегін де жарнамалайтын кездер болады. Кейде 3-4 сағаттық түсірілімге 10-15 мың төленіп жатады, – дейді Марат Қойшыбаев.

Ал 22 жастағы алматылық Әйгерiм Рахимбекова бұл салаға 6 жыл бұрын келген екен. Бүгінде ол тек жеке модель емес, агент қызметін де атқарады. Оның айтуынша, барлығы тегін, TFP фотосессиялардан басталған. [caption id="attachment_88164" align="alignnone" width="820"]модель парақшасынан алынды[/caption] – Сән әлеміне бірден келгенім жоқ. Өзім көпшіліктің алдында болғанды ұнатамын. Содан болар, әу басында журналистика мен актерліктен бастадым. 2014 жылы фотосессияға TFP негізінде шақырды. Яғни, фотограф пен модель өзі үшін тегін жұмыс істейді. Кейін ол фотоларды әлеуметтік желілерге жүктедім. Содан соң достарым, желі қолданушылары көріп, дүкен мен ательелерге модель болуға шақыра бастады. Осылайша, 2017 жылға дейін әр түрлі жобаларға қатысып жүрдім, – деді ол. [caption id="attachment_88166" align="alignnone" width="819"]модель ©Andres[/caption] Сол жылы Әйгерімге танысы Алматыда жаңадан модель мектебі ашылатынын айтып, соның жарнамасына түсуге шақырды. «Өзіңді жақсы көрсетсең, ары қарай агенттікке тіркеп, тегін оқуға, кейін жұмыс істеуге де болатынын айтты. Сөйтіп, сабағыммен қатар агенттікте жұмыс істей бастадым. Кәсіби түрде моделингке аяқ басқаным осы жыл», – деді ол. [caption id="attachment_88167" align="alignnone" width="1024"]модель ©Баян Бөкішева[/caption]

Ал шетелдік агенттіктерде жұмыс істеп, елге танылған белгілі қазақстандық модель Баян Бөкішева бұл саланың өз қиындықтарын айтты. «Біздің әр күніміз 10 кастингтік мекенжайдан тұрады және қаланың түкпір-түкпірін шарлап шығасың. Сондай кездерде келген қаладағы қоғамдық көліктің жүру жүйесін түсіне отырып, өзіміздің автобусымызды жібермеуге тырысамыз. Арасында далада қалып, 30 шақырымдай жерді жаяулатып, тау-тасты аралайтын да кездер болады», - деді ол.

[caption id="attachment_88168" align="alignnone" width="823"]модель ©Баян Бөкішева[/caption] Шынымен, әр саланың өз қиындығы мен жақсылығы болады. Бұл мамандыққа бірі  жаны қалап келсе, енді бірі табыс тауып, танымал болуды ғана мақсат тұтады. Тіпті, кейбірінің осы салада бағы ашылып жатса, енді бірінің өмірі мүлдем өзгеріп кетуі мүмкін. Бастысы, қиындықты еңсере білсең болғаны.