«Жиендік» жарға жығады
«Жиендік» жарға жығады
194
оқылды

Ұрлықтың кез келген түрі жаман. Егер оны елге адал қызмет етуге ант берген шенеунік жасаса, жауапкершілігі тіптен ауырлай түспек. Осыған орай, өзгенің еңбегіне «жиендік» жасап, рұқсатсыз ием­деніп алды деген күдікке іліккен Білім және ғылым вица-министрі лауазымынан босатылатын болды.

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жа­қыпованың қызметінен кететіні жө­нінде бірінші болып, білім және ғылым ми­нистрі­нің кеңесшісі хабарлады:

«Білім және ғылым вице-министрі Ф.Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша хабарлаймыз: қа­­зіргі уақытта осы лауазымды тұл­ға басқа жұмысына ауысуына бай­ла­­нысты Қазақстан заңнамасына сәй­кес, атқарып отырған қызметінен бо­сату бойынша келісу рәсімі жүргі­зілу­­де», – деп жазды Facebook-тегі па­рақшасында Ерболат Мұхамеджан.

Осының алдында, бейсенбі күнгі па­латаның жалпы отырысында сена­тор­лар «жоғары білім жүйесін және ғы­лыми қауымдастықты масқарадан құт­қару үшін» вице-министрді жұ­мыс­тан қууды талап еткен болатын. Де­пу­таттық сауалды жария еткен се­натор Еділ Мамытбеков мұны «пла­гиат-жанжал» деп бағалады.

– Кездейсоқ адамдардың келуі кесірінен ғылым ескі созылмалы дертінен арыла алмауда: қаржыландыру еш жерде және еш­қашан өндіріске ендірілмейтін ғылыми жұмыстарға тиюде. Ал нағыз құнды жұ­мыс­­тарды Ұлттық ғылыми кеңестің бюро-к­ра­тиясы не елеусіз қалдырады, немесе көз­бояушылық үшін мардымсыз қаржы бө­леді: онысы жобаны сапалы аяқтап, ен­­діру­ге жетпейді. Енді бұл саланың тіз­гі­ні қоғамды алдаған адамның уысына тү­сіп отыр. Бүкіл ғылыми қауымдастық, дәп бір театрға жиналғандай, таңғалтар қойы­лымды тамашалауға мәжбүр. Жоғары мек­тепте қалыптасқан ұстындарды тегіс бұз­ған вице-министр ештеңе болмаған кейіп­пен өз лауазымын ары қарай атқаруда, – деген сенатор оған қатысты күні бүгінге дейін кадрлық шешім қабылданбағанына көңілтолмастық білдірді және ірі лауазымды шенеунікті қызметінен алып тастауды талап етті.

Депутаттық сауалға Сенат депутаттары Дәурен Әділбеков, Михаил Бортник, Мұрат­бай Жолдасбаев, Манап Көбенов, Әлім­жан Құртаев, Ерік Сұлтанов, Динар Нүке­таева да қол қойған.

Жалпы, бір айдан астам уақыттан бе­рі ақпарат құралдарында Білім және ғы­лым вице-министрінің плагиаты туралы мә­селе талқылануда. Биылғы тамыз айын­да Білім және ғылым министрлігінің Әкім­ші­лік жұмыс және мемлекеттік сатып алу­лар департаментінің директоры Анар Қайырбекова БҒМ басшысының орын­басары Фатима Жақыпованың «өз докторлық диссертациясын өзгеден кө­шіріп алғанын және 40 пайыздайы ғана төл жұмысы екенін» айтты.

Ф.Жақыпова мұны мойындамай, ар-на­мысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау туралы сотқа талап-арыз берген. Бұ­ған қоса, 17 қыркүйекте қазақстандық Ұлт­тық мемлекеттік ғылыми-техникалық сарап­тама орталығы тексеру жүргізе келе, вице-министрдің «Постиндустриалдық даму жағдайындағы қаржылық конверген­ция­ның концептуалдық негіздері» атты диссертациясының өзге ғылыми еңбектер­мен сәйкестігі табылмағанын мәлімдеді.

Алайда қазан айында ресейлік Ан­тип­лагиат компаниясының атқару­шы ди­рек­торы Юрий Чехович «Ф.Жақы­пова­ның дис­сертациясының 52%-ы плагиат болып шық­қанын» хабарлады.

– Біздің мамандар Фатима Жақыпованың дис­сертациясының мәтініне мұқият талдау жүр­гізді және оның кем дегенде 52%-ы Ресей мемлекеттік кітапханасының дис­сер­та­циялар коллекциясындағы диссертациялар мен мақалалар мәтіндерінің көшірмесі бо­лып табылатынын растады, – деді Антипла­гиат жетекшісі.

Фатима Жақыпова Білім және ғылым ми­нистрінің орынбасары лауазымына 2019 жыл­ғы сәуір айында ғана тағайындалған бо­латын. Ол өзіне қатысты пікірталастарды әл­де­бір тұлғалардың «медиашантажы» деп ата­ды.


Елдос СЕНБАЙ