Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметов Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары халықаралық авиациялық талаптарға сай келмейтінін айтты.
Оның айтуынша авиация саласында маман жетіспейді. «Қазақпараттың» жазуынша, Бірақ талап дұрыс қойылмайтындықтан, түлектер жұмыс таппайды.
«Азаматтық авиацияны дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірледік. Қазақстан - Шығыс пен Еуропаны байланыстыратын халықаралық фаб. Тұңғыш Президенттің бұрынғы Жолдауларында да авиация саласында білікті мамандардың керектігі туралы айтылған болатын. «Боинг» компаниясының алдағы 30 жылға жасалған болжамды зерттеулері жалпы әлемдік авиацияға 679 мың инженерлік техникалық маманның, 617 мың пилоттың керек екенін көрсеткен. Алдын ала болжамға сүйенсек, Қазақстанның авиация саласына алдағы 20 жылда 1200 пилот пен 1500 инженер керек», - деді Бекен Сейдахметов.
Ол сондай-ақ, мамандардың жетіспеушілігі жыл қткен сайын көбейетінін айтты. Авиация саласында елімізде 20 мың маман бар десек, оның 650-і - шетелдік.