Жұмысшыларды топырақ басып қалды
Жұмысшыларды топырақ басып қалды
234
оқылды

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі Шымкентте қазаншұңқыр қазып жатқанда жұмысшылардың жайы туралы айтты.

Қазаншұңқыр қазып жатқан екі жұмысшыны топырақ опырылып, басып қалған. Ішкі істер министрі ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 қарашада Қаратау ауданы «Нұрсат-3» ықшамауданында болды.

Құтқарушыларға хабар 20.54-те келіп түскен. «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС жұмысшылары жер қазып жатқанда топырақ опырылды. Жер астында 3 бірлік техника жүргізушілерімен бірге (1 тиегіш, 1 экскаватор және 1 каток) қалды. Қазаншұңқыр тереңдігі 20-25 метр, көлемі 37х37 метр», - деп хабарлады ТЖК өкілі.

Үйінді астынан бірінші 1993 жылы туған ер адамды алып шыққан. Жағдайы ауыр. Бірақ екінші жұмысшыны құтқара алмады. 1969 жылы туған ер адамның денесі 21.40-та табылды. Ал үшінші 1965 жылы туған жұмысшыны 22.49-ға дейін іздестірді. Іздестіру-құтқару жұмыстары 5 сағатқа созылды.

«Оқиға болған жерде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 40 қызметкері мен 11 техника жұмылдырылды. Операцияға полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері және ЖШС жұмысшылары қатысты» делінген ресми хабарламада.