Талдықорғанда адасып кеткен 83 жастағы әжей табылды (Видео)
Талдықорғанда адасып кеткен 83 жастағы әжей табылды (Видео)
190
оқылды
Талдықорғандық полицейлер адасып кеткен 83 жастағы қарияны іздеп тапты. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14:00 шамасында Талдықорған қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындар хабарласқан. Олар қаланың 5-шағынауданында тұратын 83 жастағы әженің таңертең үйінен шығып, қайта оралмағанына алаңдаған. Жоғалған кейуананың киген киімі мен түр-түсі туралы хабарламаны Талдықорған қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының № 162 борты қабылдады. Тәртіп сақшылары шұғыл түрде жақын маңда орналасқан тұрғын үй кешендерінің ауласы мен көшелерді аралауға кіріскен. Үш сағат ішінде полицейлер көрші шағынауданмен шектесетін тұстан адасып кеткен қарияны тапты. Тәртіп сақшылары әжейді үйіне жеткізді. Анасының аман-есен табылғанына қуанған қызы тәртіп сақшыларына шексіз алғысын жеткізді. https://www.youtube.com/watch?v=7rioCgJfA74&feature=emb_logo