Людмила Скоробогатова оған 4 жыл уақыт жұмсаған. Күні-түні қолы қалт еткенде дастарқанды тоқып шыққан.
Көздің жауын алатын дастарқанға 100 мыңнан астам майда моншақ кеткен. Он саусағынан өнер тамған шебер оны атасынан қалған көне үстелге жайып қойды.Людмила Скоробогатова: «Кейбір адамдардың бұған жүйкесі шыдамайды. Ал мен одан ләззат аламын. Жаным тынышталады. Уайым-қайғы, проблема дегенді бір сәтке ұмытып, өз-өзіммен боламын. Бірақ көзім алыстан көрмей қалды», – дейді.