Нұр-Сұлтанға 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ әкімшілік ғимараттар: Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер үйі, Үкімет үйі, Жоғарғы сот электр қуатына қосылды.
Сондай-ақ «Уют», Crown Plaza, Tumar (2 үй), Art House, Viva Plaza, «Алатау» тұрғын үй кешендері, Нұрлы жол гүлзары, «Бәйтерек» монументі, «Керуен» сауда орталығы, «Изумрудный кварталы» іскерлік орталығы, Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттары да жарыққа қосылды.
Қала әкімі Алтай Көлгінов апат орнына өзі барып, тиісті шаралар дер кезінде атқарылғанын айтты. «Кабельдік желілерді қалпына келтіру үшін апаттық-құтқару тобынан 15 адам және 6 техника жұмыс істеді. Өрт сөндіру бригадаларының қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, электр жарығына ғимараттарды дер кезінде қосты», – деп хабарлады.