Ғалымдар қатерлі ісікті емдейтін жаңа тәсіл ойлап тапты
Ғалымдар қатерлі ісікті емдейтін жаңа тәсіл ойлап тапты
245
оқылды
Мамандар онкологиямен күрестің жаңа тәсілін анықтады.  Тель-Авив ғалымдарының айтуынша, қатерлі ісікті емдеуге CRISPR-Cas9 жүйесі көмектесуі мүмкін. Мамандар мәліметінше, бұл – метастатикалық ісікке қарсы тиімді тәсіл. Мұндай ғылыми зерттеу Science Advances-те жарияланған. Ғалымдар ісік клеткаларына бағытталған липид бөліктерін ойлап тапқан. Оларда «молекулярлық қайшыларды» кодтайтын РНҚ молекулалары бар. Ғалымдардың айтуынша, мұндай тәсілдің химиотерапияға қарағанда кері әсері аздау.