Мемлекеттік кірістер комитетінде биылдыққа қанша мекеменің банкротқа ұшырағанын хабарлады.
Биылғы жылдың 9 айында елімізде 761 мекеме банкротқа ұшырады. Оның ішінде бір ірі компания, 7 орташа мекеме мен 753 кішігірім кәсіпкерлік ісі бар.
Банкротқа ұшыраған кәсіпкерліктің көбі көтерме және бөлшекті сауда саласындағы мекемелер. Оның өзі 295-ке жуық. Екінші орында - құрылыс саласы. Онда 196 фирманың күнкөрісі болмай, жаюылып қалған.
Былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл әлдеқайда аз мекеме жабылған.