Ақтөбеде бір күнде жылдамдықты асырған 100 жүргізуші анықталды
Ақтөбеде бір күнде жылдамдықты асырған 100 жүргізуші анықталды
226
оқылды
Ақтөбе полициясы «Қауіпсіз жол» акциясы кезінде жылдамдықты асырған 100 жүргізушіні анықтады. Ақтөбеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жылдамдықты асырған 100 жүргізуші әкімшілік жауапқа тыртылса, мас күйінде рульге отырған 9 жүргізуші жазаланды.
«Бір күнде 500-ден астам жол қозғалысы ережесі бұзылды. Қарсы бағытқа шығып кеткен 5 көлік иесі мен жаяу жүргіншіге жол бермеген 29 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ 86 жүргінші жол ережесін сақтамағаны үшін айыппұл төледі. Бағдаршамды ескермегендер де болды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында мотоцикл жүргізушілері, соның ішінде квадроцикл, мопедпен жүру кезінде ережені сақтауға ерекше назар аударылды.