Қай кеніште мұнай көп өндірілді?
Қай кеніште мұнай көп өндірілді?
210
оқылды

Биылғы он айда Қазақстанда 74,8 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызға артық.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, еліміздегі ең ірі үш мұнай-газ жобасы саналатын Қашағанда 11,5 млн, Теңізде 24,6 млн, ал Қашағанда 9,1 млн тонна мұнай өндірілген.

Биыл үш жобада да негізгі өндіріс толықтай тоқтатылып, күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Мәселен, Қашағанда күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылдың 14 сәуірінен 19 мамырға дейін жүргізіліп, мерзімінен 15 тәулікке ерте аяқталса, Теңізде 2019 жылдың 1 тамызы мен 12 қыркүйегі аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мерзімінен 3 күнге ерте бітті. Ал, Қарашығанақта жөндеу жұмысы 15 қыркүйек пен 12 қазан аралығында жүргізілді.

Негізгі өндірістің тоқтатылғанына қарамастан жыл соңында өндірілуі күтілген көлем артты: Қашағанда 13,5 млн тоннадан 14,5 млн тоннаға дейін; Теңізде 29 млн тоннадан 29,6 млн тоннаға дейін; Қарашығанақта 11 млн тоннадан 11,2 млн тоннаға дейін.

Энергетика министрлігі мұнай өндіру қарқының өсімін ескере отырып, еліміздің мұнай өндіруінің жылдық болжамын 90,5 млн тоннаға дейін арттырды. Бұл 2018 жылы өндірілген мұнайдан 0,1 млн тоннаға көп.