Президенттің қызы қоғам назарын аудару үшін қоқыстың үстіне жатты
Президенттің қызы қоғам назарын аудару үшін қоқыстың үстіне жатты
268
оқылды

Суретші, Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева қоқыс үйіндісінде жатып суретке түсті. Осылайша, ол экология проблемаларына назар аударуға шақырды.

Фотосуретке түсініктеме берген Шагиева қоқысты сұрыптауға шақырды.

«Барлық жер осындай және оның мөлшері көбейіп жатыр. Жағдай қиын, ойлануға мәжбүр етеді», – деп жазды ол.

Әлия Шагиева түрмеде отырған әкесі Алмазбек Атамбаевты қолдайды. Алайда анасының аты-жөнін алғанды жөн көреді. Оның бағдарламашысы Константин Рязановқа тұрмысқа шыққаны белгілі. Екеуі екі бала тәрбиелеп отыр.