Қазақстанның 6 облысы мен екі ірі қаласында жарық өшіп қалды
Қазақстанның 6 облысы мен екі ірі қаласында жарық өшіп қалды
202
оқылды

Министрліктің мәліметінше 20 қарашада сағат 16.47-де Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жарық өшіп қалды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 20 қарашада сағат 16:47-де ВЛ - 500 кВ Л-5300, Л-5320 ЮКГРЭС-Ағадыр және Л-5394 Ақтоғай-Семей электр желілері ажырап қалған. Жүктемені шектеудің арнайы автоматикасының іске қосылуы салдарынан ВЛ-220 кВ ГПП-Қызылорда Л-2019 желісі ажыратылып, еліміздің оңтүстік аймағы Қазақтанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінен ажырап қалған. Сол себепті, Жамбыл, Алматы, ШҚО, Түркістан, Қарағанды, Қызылрда облыстарының және Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары жарықсыз қалды. Сағат 17:02-де Л-5300 желісі, ал 17:11-де Л-5320 желісі іске қосылып, оңтүстік аймаққа электр энергиясын шектеу алынып тасталды. Сағат 17:18-де Л-5394 электр желісі қалыпты жұмыс істей бастады. «Қазіргі ақпаратқа сәйкес, 500 кВ электр тарату желісінің ажырауы және жүктемені шектеудің арнайы автоматикасының іске қосылуы Орталық Азияның біріккен энергия жүйесі тарапынан қуаттың шамадан тыс болуы салдарынан болған. Техникалық қызметкерлердің жедел жұмысы арқасында қазір барлық шектеулер жойылған.