Қазақстанның 2 ірі қаласы мен 6 облыс аймағы жарықсыз қалды.
ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 20 қарашада сағат 16:47-де ВЛ-500 кВ Л-5300, Л-5320 ОҚМАЭС-Ағадыр және Л-5394 Ақтоғай-Семей электр желілері ажырап қалған. Сонымен қатар жүктемені шектеудің арнайы автоматикасының іске қосылуы салдарынан ВЛ-220 кВ БТҚ(Басты төмендету қосалқы стансасы)-Қызылорда Л-2019 желісі ажыратылып, еліміздің оңтүстік аймағы Қазақтанның Бірыңғай электр энергетикаы жүйесінен тыс қалған. Соның салдарынан Жамбыл, Алматы, ШҚО, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары жарықсыз қалды.
Сағат 17:02-де Л-5300 желісі, ал 17:11-де Л-5320 желісі іске қосылып, оңтүстік аймаққа электр энергиясын шектеу алынып тасталды. Сағат 17:18-де Л-5394 электр желісі қалыпты жұмыс істей бастады.
«Қазіргі ақпаратқа сәйкес, 500 кВ электр тарату желісінің ажырауы және жүктемені шектеудің арнайы автоматикасының іске қосылуы Орталық Азияның біріккен энергия жүйесі тарапынан қуаттың шамадан тыс болуы салдарынан орын алған», - деп атап өткен министрліктен.