Желтоқсан айынан бастап пойыздардың бағыты өзгереді
Желтоқсан айынан бастап пойыздардың бағыты өзгереді
222
оқылды

Пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір бағыт өзгереді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, атап айтқанда:

1) - №375/376  «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;

- №85/86 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт  «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді;  

- сол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді  «Павлодар  - Нур-Султан-1» бағыты бойынша қатынайды;

2) Күн ара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады;

Сонымен қатар, алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді:

1) «Жолаушылар тасымалы»  АҚ-қа қарасты:  

- № 153/154 «Нұр-Сұлтан- Семей»  енді  № 353/354;

- № 375/376 «Нұр-Сұлтан-Өскемен-1»  енді № 67/68;

- № 377/378  «Алматы-Маңғыстау» енді  №77/78 пойызы  болып өзгереді;

2)  Жеке тасымалдаушылар:

- № 312/311 «Нұр-Сұлтан- Семей»  енді  №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ге  қарасты);

- № 307/308/ «Нұр-Сұлтан- Жезказған» енді   №107/108 ( «Марал Нұр» ЖШС);

- № 617/618 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» енді  №117/118 («Марал Нұр» ЖШС).