Назарбаев: Украина мен Ресейді алғашқы күндерден бастап-ақ татуластыруға тырысып келемін
Назарбаев: Украина мен Ресейді алғашқы күндерден бастап-ақ татуластыруға тырысып келемін
295
оқылды

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының отырысында Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді.

«Ресей мен Украинаның арасындағы жағдай, әрине, қынжылтады. Олар бір-біріне өте жақын елдер. Алайда болары болды. Ішкі және сыртқы күштер араласып кетті. Қазір қарым-қатынастың ажырап кеткені соншалық... Украина мен Ресейді өте жақсы білемін. Алғашқы күндерден бастап-ақ екі елді татуластыруға тырысып келемін. Менің жұмысымның нәтижесі – Минсктегі алғашқы кездесу болды. Басында мен еуропалық елдерді аралап, Меркель ханыммен кездестім. Кейін Киевке келіп, Порошенкомен кездестім. Одан кейін Мәскеуге бардым. Франция президенті Қазақстанда болған кезде жол ортада Путинмен кездесуді өтіндім. Осының нәтижесінде біз Минскте бас қосып, мәселелерді шешуге тырыстық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.