Астана клубының отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Халықтық-Демократиялық Республикасының ядролық қару шиеленісін шешудің жолдарын айтты.
«Бізді Азия кеңістігіндегі милитаризация үрдісі, атап айтқанда, Солтүстік Корея айналасындағы шиеленіс алаңдатады. Мәселенің жалғыз шешімі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық қатысушылары тарапынан Солтүстік Корея қауіпсіздігінің пәрменді кепілдігін жасап шығару деп ойлаймын. Бұл Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасын тоқтата тұру жөніндегі сәйкес уағдаластықты тезірек орнатуға итермелейді», — деді Елбасы.