Тәж вирусы неден пайда болғаны анықталды
Тәж вирусы неден пайда болғаны анықталды
© Сурет ғаламтордан
726
оқылды
Дүйсенбі, 27 қаңтар күнгі жағдай бойынша тәж вирусынан қаза тапқандардың саны 80-ге жетті, деп хабарлайды Reuters Қытайдың денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитеті өкілдеріне сілтеме жасап. Эпидемия ошағы орналасқан Хубэй провинциясында бір түн ішінде вирус құрбандарының саны 56-дан 76-ға дейін өсті. Тағы төрт өлім оқиғасы елдің басқа бөліктерінде тіркелді. Сондай - ақ, коронавирусты жұқтырғандардың саны 30 пайызға артты - 2744 жағдай расталған. Олардың көпшілігі Қытайда. "Болжанып отырған аурудың саны 5794 - ке жетті", - делінген ведомство хабарламасында. Бір тәулік бұрын вирусты 1975 адам жұқтырғаны және 54 қаза болғаны туралы хабарланған болатын. Қытайдан басқа вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия және Малайзияда тіркелген.   https://www.youtube.com/watch?v=EFsQjpOWH-g&feature=emb_logo "Синьхуа" хабарлағандай, Қытай ғалымдары тәж вирусын зерттеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. 2019-nCoV электронды микрофотографиясы ұсынылған.    width= Мамандар Уханьда теңіз өнімдерінің көтерме сауда нарығында алынған сынамаларды зерделеп, вирустың көзі нарықта сатуға қойылған жабайы жануарлар болғанын анықтады.