UFC басшысы Дана Уайт жеңіл салмақта осы ұйымның чемпоны ресейлік Хабиб Нурмагомедов мансабын қайта бастаса, кіммен кездесетіні туралы айтты. Бұл туралы Aikyn.kz "Хабар 24" сайтына сілтеп хабарлайды. "Ол әкесі үшін қайта оралады. Абдулманап Нурмагомедовтің басты арманы баласының 30 жеңіспен карьерасын аяқтау болатын", - деді UFC басшысы. Сонымен қатар, Дана Хабибтің келесі қарсыласын анықтау үшін жеңіл салмақта бірнеше кездесу өткізу керектігін айтты. Уайт Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы кездесуден бөлек, Тони Фергюсон мен Майкл Чендлер арасындағы айқасты ұйымдастырып, содан кейін ғана Хабибтің қарсыласын анықталады деді. Ал Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель Азиз болса ресейлік спортшы екі салмақ бойынша ұйымның бұрынғы чемпионы Жорж Сен-Пьермен кездесу үшін ғана карьерасын қайта бастайтынын мәлімдеді. Еске салайық, 24-қазан күні Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Содан соң ол аралас жекпе-жектегі мансабын аяқтағаны туралы хабарлады. Ал "Панда" лақап атымен танылған қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (7-0, 7 КО) кезекті жеңісіне нокаутпен жетті. Кездесу алты раундқа жоспарланғанымен, жекпе-жек 43 секундта Серік Мұсаділовтың жеңісімен аяқталды.