Солтүстік Үндістанның Уттар-Прадеш штатында жеңіл көлік жүк көлігіне соғылып салдарынан 14 адам, оның ішінде 6 бала қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz inform.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды. Шенеуніктердің айтуынша, жол апаты Лакхнау астанасынан шамамен 170 шақырым (105 миль) жерде Пратапгарх қаласында болған. Бейсенбі күні кешке жол талғамайтын көлік Прайаграж - Лакхнау тас жолында тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Аудандық полицияның мәліметінше, көліктегілер көрші ауылдағы үйлену тойынан қайтып келе жатқан. Жол талғамайтын көліктегі жолаушылардың бәрі көз жұмған. Қайтыс болған балалар 7 мен 15 жас аралығында болды», - деп толықтырды ведомствода.