Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Барыс» «Салават Юлаевтан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. Кездесудің есебі-4:1. Уфадағы ойынды қазақстандық команда тәп-тәуір бастаған. Роман Старченко шайбы соғып, есеп ашты. Әйткенмен, алаң иелері бірінші кезең аяқталмастан бұрын таразы басын теңестіре алды. Ал екінші кезеңде екі шайбы, соңғы кезеңде бір шайбы соғып кетті. «Барыс» осымен төртінші матч қатарынан жеңіліс тапты. Келесі ойынын Қазақстан командасы 24 қараша күні Петерборда жергілікті «СКА» командасына қарсы өткізеді.