Украинада «Оппозициялық платформадан» шыққан депутат Илья Кива Жоғарғы Радаға Бэтмэн туралы фильмдердегі әйгілі кинокейіпкер Джокердің бетпердесін киіп келді, – деп хабарлайды Strana.ua.
Басылымның мәліметінше, депутат Сергей Рудык Кива сөйлеп тұрған кезде маскасын шешіп, трибунаға апарып қойды.
https://youtu.be/msoo71JjHcI
«Бүгін біздің әрқайсымыздың бойымызда аздап «Джокерлік» бар»,– деп жазды депутат Facebook-тегі парақшасына.
Джокер – DC комикстерінің ішіндегі ең зұлымы. Фильм қазан айында әлемдік прокатқа шыққан.