Оңтүстік Азиядағы сенімді серіктес
Оңтүстік Азиядағы сенімді серіктес
207
оқылды

Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Үндістан Республикасының мемлекеттік сыртқы істер министрі, парламент істері жөніндегі мемлекеттік министрі Вел­ламвелли Муралидхаранмен кездесті.

Тараптар екіжақты соның ішін­­де парламентаралық қа­ты­насты дамытудың өзекті сұрақ­та­рын тал­қылады.  

Н.Нығматулин Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев тәуелсіздік ал­ған бірінші күннен бастап, Үн­діс­танмен өзара қарым-қатынасты ны­ғайтуға ерекше көңіл бөліп ке­­ле жатқанын, ал Мемлекет бас­шы­­сы Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­­зақ­стан­ның мұрагерлік сыртқы сая­­сатын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы екі ел ара­сын­­дағы қарқынды саяси диалог ал­дағы уақытта ортақ мүдделер жо­­лында белсенді дами беретініне се­­н­ім білдірді.

Осы жолда парламентаралық ын­тымақтастық үлкен рөл ат­қа­ра­ды. Мәжіліс Төрағасының пі­­кі­рінше, бейінді комитеттер мен достық топтар арқылы тығыз іс­­керлік байланыс орнатып, заң шы­­ғаруда тәжірибе алмасудың маңы­­зы зор.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Қа­зақстан мен Үндістанның ғасыр­лар­дан жалғасқан рухани үндестігі ба­рын алға тартты. Велламвелли Муралидхаран Үндістанға бірнеше рет келіп, екі ел арасындағы мә­де­­ни тамырластықты одан әрі те­­рең­детумен қатар, әріптестік қа­­тынасты күшейтуге серпін бер­гені үшін Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­қа Үндістан халқының құр­меті ерекше екенін атап өтті.

Кездесуде Еуразиялық эко­но­­микалық одақ аясында ықпал­дас­тық үлкен мүмкіндіктерге жол аш­қаны сөз болып, басым бағыттар ре­тінде энергетика, логистика, ақ­па­раттық технология, туризм са­лалары аталды.

Н.Нығматулин атап өткендей, үн­дістандық әріптестермен бір­лес­кен жұмыс парламенттер ара­сындағы байланысты нығайтып, ел­деріміздің стратегиялық ық­пал­дастығын жан-жақты дамытуға мүм­кіндік береді.