Партия түйткілді мәселелерге назар аударады
Партия түйткілді мәселелерге назар аударады
245
оқылды

Nur Otan партиясы еліміздің барлық аймақ­та­рындағы аумақтық даму бағдарламасын іске асырудың аралық нәтижелеріне талдау жаса­ды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Пар­ла­мент Мәжілісіндегі Nur Otan фракциясының мүше­лерімен өткен жиын барысында аймақтық даму бағ­дарламасының орындалу барысы туралы тыңдалым ұйымдастыруды және жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижелерін ескере отырып, 2025 жылға дейінгі аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Сонымен, елордада қала­­лық мәслихаттағы фрак­­цияның депутаттары 42 мың тұрғын өздерінің әлеу­меттік мәртебесін әлі күнге көр­сет­пегені туралы мәселені жер­гілікті билік органдарының ал­дына көлденең тартты. Жағ­дай осы күйінде қалса, жақын арада қалалық емха­налардың, мектептер мен еңбек на­рығындағы жүкте­менің ша­мадан тыс артуы мүм­кін.

Алматы жолдарындағы өлім-жітім, энергия тиімділігі және инфрақұрылымды да­мыту мәселелері көтерілді. Ал Шымкентте фракция мү­шелері ауруханалар мен білім ошақтарының жетіспеушілігі өзекті болып отырғанын ай­тады. Бүгінде Шымкенттегі 9 мектеп үшауысымда оқиды. Бұл қатарға жуық арада қала­дағы тағы 8 білім ордасы қо­сылуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облы­сында 111 мақсатты көрсет­кіш­тің 97-сіне қол жеткізіл­ге­німен, апатты және үш­ауы­­­­­сымды мектеп­тер проб­­­ле­­масы мұн­да да бар. Со­ны­мен қатар астық жи­нау­­дың көр­сеткіші төмендеп, жол-көлік оқи­ғалары артқан. Қара­ған­ды облысында жол жөн­деу, инфрақұрылым мен тұр­ғын үй құрылысы өзекті бо­лып отыр. Бағдарламаға тұрғын­дардың өмір сүру сапа­сы мен кірісінің өсуін айқын­дайтын көрсеткіштер қосылған.

Шығыс Қазақстан облы­сын­дағы Nur Otan фракция­сының депутаттары қоғамдық көліктердің сапасын арт­тыру және мектептер са­лу қажетін алға тартты. Ақмола облысында ағынды сулар желілерін дамытуды жедел­детіп, тұрмыстық қатты қал­дықтарға арналған нысандар салу қажет. Сондай-ақ мұн­да өнеркәсіптік әлеуетті арт­тыру мен шағын және орта бизнесті дамыту үшін ин­вес­тиция тар­ту жұ­мыс­тарын күшейту мә­се­лесі тұр. Солтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй құры­лысы мен жол жөндеу жұ­мыс­та­рының және ауылдық жер­дегі ин­женерлік коммуника­ция­­лардың қарқынын жедел­детуге ниетті.

Партия басшылығының тапсырмасына және Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ай­тылған «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасына сәйкес, бар­лық ай­мақ­тарда Nur Otan пар­тиясы­ның де­пу­тат­тары әр елді мекеннің пробле­малық мәселелерін талдап, 2025 жылға дейінгі аумақ­тық да­му­дың аймақтық бағдарлама­сына ұсыныс жасайды.

 

Клара НАҚЫП