Үйден шыққан террорист
Үйден шыққан террорист
262
оқылды

Сирия мен Ирак жеріндегі «халифат» тақырыбының аясы күннен-күнге тарылып ке­леді. Таяу Шығыстағы «ДАИШ» және де тағы да бас­­қа террористік ұйымдар өз­дерінің «әлемдік жихад» идея­ларын басқа да лока­ция­ларға көшіруге бүгін­нен дайындалып жатыр. Ол құ­бы­лысты Орталық Азия мен Еуропадағы ұя­шық­тарының бел­сен­ді­лі­гінен байқауға бола­ды.

Ұяшықтарың басым көп­ші­лі­гі Еуропада орын тепкен екен. Еуро полицияның (Еуропол) мәлі­меттері бойынша, 30 мың­нан астам адам жасырын тер­ро­рис­тік ұяшықтардың тізімінде. Ipsos зерттеулер ұйымының ста­тистикалық мәліметтері бойын­ша, «терроризмді» қауіпті деп израилдықтардың 38 пайызы таңдаса, Түркия, Ұлыбритания, Франция және Германия мемле­кеттерінің халқы террор тақыры­бы бойынша қорқыныш пен үрейге берілген бестікті қоры­тын­дылап отыр.

Орталық Азия елдеріндегі жағдайға келсек, Солтүстік Кавказ бен Ауғанстан жерлерін­дегі «ұйқыдағы ұяшықтардың» белсенділігінің пайда болуымен бұл аймақта да террор қауіпі қай­та күн тәртібіне шығуы мүм­кін.

Елімізде мұндай бір орта­лықтанған жасырын ұя­шық­тар құқық қорғау орган­дары жүр­гізген арнайы жұмыстардың ар­қа­сында залалсыздан­ды­рыл­ған. Олар халықаралық террор­лық идеология орталық­та­ры­нан ажы­ра­тылған, инфрострук­тура­лары мен байланыстары өте тө­менгі деңгейде.

Негізгі қауіп пен қатер «үй жағдайында дайындалған тер­рористерден» болып отыр. Яғни, ғаламтор желісімен арнайы нұсқаулар арқылы террорлық іс-әрекеттерге баратын адамдар тобы. Олардың көбі өздерін «мұсылманбыз» деп санайтын, еуропалық паспорты бар эми­гранттардың ұрпақтары. Ради­калдану көрсеткіштері негізінен әлеуметтік жағдайлары­ның төмендігімен және қанды оқи­ғалардың құрбаны болған жа­қындарына деген сезімдерден туындайды. Бельгиялық «Эгмонт корольдік халықаралық қаты­нас­тарды зерттеу орталығы­ның» 2018 жылы шығарған баянда­масына көз жүгіртсек, 2018 жылы Батыс Еуропада болған 16 теракт пен жолы кесілген 30-дан астам террорлық актілердің барлығы осы «үй жағдайында дайындалған», яғни ұйқыдағы «ұяшық» белсенділерінің көме­гі­м­ен ұйымдастырылған.

«Үйден шыққан» террорис­тердің арасында белең алған тағы бір құбылыстардың бірі – оларға ешқандай да қаржы мен қарудың керек еместігі. Яғни, жарылғыш заттардың, қару-жарақтың ор­нына жай ғана үлкен габаритті авто­көліктердің өзі ғана жеткі­лікті. Мұндай терактілерді ұйымдастыруға тек жергілікті мешіт, мектеп-медреселер мен ғаламтордағы сананы улайтын форумдар жеткілікті. Айта кете­тіні, бұл әдістердің ішінде өте қарқынды жүріп жатқаны – ғаламтор желісі арқылы арбау.

Мысалы, Британиялық Policy Exchange сараптамалық ор­талығы жасаған зерттеу бойын­ша, 2017-2018 жылдар ара­лы­ғында радикалды, экстремистік мазмұндағы ақпаратты тұтыну жөнінен әлемде Түркия мен АҚШ алда тұр екен. Соңғы кезде осындай террорлық актілердің құны өте арзанға түсуде. Батыс Еуропадағы соңғы жылдардағы террорлық оқиғаларға себепкер болған азаматтардың барлығы дерлік зұлым іс-әрекеттерін өз табыс­та­рына немесе жинаған қаржы­ла­рына ұйымдастырған. Тер­рористердің тоқсан пайызы жақсы табыс әкелетін жұмыс істейді. Ал 25 пайызы ғана сырттан қаржыландырылған. Сарапшы мамандардың пікі­рін­ше, өзін-өзі қаржы­лан­дыратын осындай «жасырын ұяшықтың» барлығы сырттан келетін қаржы­ға тәуелсіз бола түседі. Террорлық шабуылдар, белсенділердің өз қаражаттарына ұйымдастырыл­ған терактілер болашақта оларды бақылауға, дер уақытында анық­тауға көптеген кедергі келті­ре­тіні анық.

 

Таңат МЫҢБАЙ