Тойдан соң 7 адам қайтыс болды
Тойдан соң 7 адам қайтыс болды
274
оқылды

АҚШ-та үйлену тойынан соң жеті адам коронавирустан қайтыс болды, -  деп хабарлайды ren.tv.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы үйлену тойына қатысқандар жаппай коронавирус жұқтырғанын анықтады.

Коронавирусқа шалдыққандар тойда 177 адамға ауру жұқтырған. Үйлену тойынан соң коронавирус жұқтырған жеті адам қайтыс болды.

55 қонақ қатысқан үйлену тойы Мэн штатында болған. Бұл штаттың шағын қаласында бұған дейін коронавирустың таралу жағдайы тіркелмеген. Қалада алғашқы науқастар үйлену тойынан бес күн өткен соң тіркелген. Алдымен екі қонақ тамақ ауруы, құрғақ жөтел және жоғары температураға шағымданған. Келесі күні тағы үш қонақ ұқсас белгілермен дәрігерге қаралған. Олардың барлығы коронавирус жұқтырғаны анықталып, науқастар саны көбейді. Тойдың көптеген заң бұзушылықтармен өткені белгілі болды. Қонақтар бетперде тақпаған және әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған. Тойға келген  55 адамның 27-сі коронавирус жұқтырғаны анықталды. Той болған мейрамхананың қызметкерлері де вирус жұқтырған. Екінші реттік байланыс арқылы коронавирус мейрам өткен қаладан жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан қарттар үйі мен түрмеге де тараған.