Дәрігер операция жасап жатып қайтыс болды
Дәрігер операция жасап жатып қайтыс болды
277
оқылды

Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында ортопед-хирург операция жасап жатқан кезде жүрек талмасы ұстап,  қайтыс болды, - деп хабарлайды Arablocal.

БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясының Асир ауданындағы Хамис Мушайт ауруханасында дәрігер Махди әл-Эмаридің іші қатты ауырған, бірақ  ол жоспарланған операцияны кейінге шегермей, өткізуді жөн көрген.

Аурухананың ортопедиялық бөлімінің басшысы медициналық тексеру жүргізген соң әл-Эмаридің жүрек талмасынан көз жұмғанын айтты.

"Махди әл-Эмари дәрігерлік міндетін мүлтіксіз атқарып, науқас үшін өз өмірін ойлап жатпады. Іші қатты ауырғанына қарамастан, ол науқасқа операция жасауды талап етті. Ол өз жұмысын істеп жатып қайтыс болды", - деді доктор Әл Шехри.
Хирургті әріптестері ауыстырып, операцияны аяқтаған. Желі қолданушылары осы оқиғадан кейін дәрігерге құрмет білдіріп жатыр.