Ет бағасы қымбаттады
Ет бағасы қымбаттады
608
оқылды

Қыс келгенде алдымен соғым туралы сөз болады. Ауыл тұрғыны қорасындағы малын сойса, қаладағылар қызылсырап, базар жағалай­ды. Ал қазір елорда базарын­да 1 келі ет бағасы – 2 200 тең­­­ге. Яғни, осы айда сиыр еті  2,2%-ға, қой еті 1,2%-ға қым­­баттап кет­кен. Оған кім кінәлі?   

Бізде қандай да бір өнім қым­бат­таса, «жалақы өскеннен» неме­се «зейнетақы көбейгеннен кейін» деп айтыла бастайды. Дегенмен нақ­ты қымбаттау кейде делдал­дар­дың кесірінен де екенін ұмытпауы­мыз керек. Сонымен бірге ет қым­бат­тауына экспорт та әсер етпей қой­масы анық. Бұл туралы Ауыл шаруа­шылығы министрі Сапархан Омаровтың:

– Әрине, экспорттың ішкі баға­л­арға әсері бар, өйткені қазір ет экспортын жолға қойдық. Жа­сы­­ратын ештеңесі жоқ, Өзбек­стан біздің етімізді жаппай алып жатыр. Осыған байланысты елде ет бағасы қымбаттап кетті. Егер қазір ауыл­шаруа­шылық өнімдерін, мысалы ет пен астықты экспорттауға шек­теу қойсақ, онда сыртқы өткізу нарықтарынан айырылып қалуы­мыз мүмкін, – деген сөзі дәлел бол­мақ. Ол сонымен қатар делдал­дар да баға өсуіне ықпал етті дейді.

Негізінде, ауыл тұрғындарына еттің қымбаттағаны қолайлы. Өйткені сатуға бағылған мал семіз болуы керек. Бордақылау үшін жем сатып алады. «Қазір сату үшін үш-төрт малымды байладым. Әри­не, бір қап бидай құны – 3 300 тең­­­ге. Сонымен бірге шөп керек. Оны да сатып алғанбыз. Әйтеуір пай­да тап­пасақ та, кеткен шығын­ды шы­ғарамыз. Бір келі етті 1200-1400 теңгеге өткіземіз. Кейде сау­да­­мыз мың теңгеге дейін түсіп ке­теді. Қала­лықтар ауылда бәрі те­гін деп ойласа керек, етті тым тө­мен бағаға алғысы келеді. Арты­н­ан қаладағы ба­зар сөресінде 2000-2200-ге саты­лып жатқанын есті­ген­де іштей қина­ламыз. Бірақ амал қанша. Дел­далсыз тағы болмайды. Деген­мен қалада фермер немесе ауыл тұрғындары үшін арнайы орындар ашылса деген тілегіміз бар» дейді Қарағанды облысы Құ­лай­ғыр ауы­лының тұрғыны Нұр­лы­­бек Мәжі­кенов. Ауылдық жерде қасап­қа сойылған малды 1200-1400 теңгеге алған делдал үстіне 700-800 теңге қосып, ет базарын­дағы саудагерге өткізеді. Сатушы да өз пайызын қоса­ды. Осыдан баға шарықтап шы­ға келеді.

Семей қаласының тұрғыны Айман Садуова: «Бізде қазір сиыр еті 1800-2000 теңгеге барды. Әри­не, етсіз отыра алмаймыз. Аламыз. Кейде жәрмеңке өтеді, сол жерде баға арзан. Біз күнде ет ала бермей­міз ғой. Шамамызға қараймыз. Көп болса төрт-бес келі алармыз. Деген­мен осы жәрмеңке ұдайы ұйым­дастырылып тұрса деген ние­ті­міз бар», – деп ағынан жарылды.

Иә, қызылсыраған қазақ үшін ет бағасының қымбаттай беруі қал­таға салмақ түсіруде. Ал ет баға­сы­на экспорттың әсері туралы Қазақ­стан ет одағының айтар уәжі бас­қа. Бірлестіктің бас директоры Мақсұт Бақтыбаев «Ет бағасының қым­баттауына экспорттың еш қа­ты­сы жоқ. Саудагерлерге «еттің бар­­лығы сыртқа кетіп жатыр, сон­дық­тан өнім аз» деп сыбыс тарат­қан тиімді. Сөйтіп, қолдан өнім жетіспеушілігін жасайды да, баға­ны көтереді. Шын мәнінде, олай емес. Биыл 10-15 мың тонна ет сырт­қа сатылады. Бұл – елдегі жал­пы өнімнің небәрі 3 пайызын құрайд­ы. Оған қоса, өзге елге ет тасымалдау оңай емес. Ол үшін тауарлық партия, контейнер, сал­қын­­датқыш барлығын дайындау қажет. Құжаттарды әзірлеу де біраз уақытты алады. Сондықтан еттің барлығы шетелге кетіп, соның салдарынан баға қымбаттады деу қисынсыз. Жалпы, елімізде 10-ға жуық кәсіпорын ғана ет экспорты­мен айналысады» дейді.

Ал нақты баға өсуіне ықпал етіп отырған делдал мәселесі бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Бұған дейін де бірнеше рет көтерілген болатын. 2018 жылы Tengri Partners са­раптамалық орталығы қазақ­стан­дық өнімдердің ішкі нарық бағасының аспандап кетуіне қол­да­­ныстағы заң мен ортада жүрген дел­дал­дар кедергі екенін жеткізді. Мұн­да заңгер Сергей Скрябин «Қа­зақстандық тауар өндірушіден дүкен сөресіне жеткенге дейін бір­не­ше делдалдың қолынан өте­ді. На­рық заңы арадағы делдалды кө­леңкелі бизнестің генераторына айналдырып үлгерді. Біз ендігі жерде кәсіпкерлер арасында жиі қол­­данатын «делдал» сөзінің құ­қық­тық мәртебесін анықтап, олар­дың шекарасын шектемесек бол­май­ды. «Делдал» сөзі біздің елде рес­ми түрде Қылмыстық іс кодек­сін­де ғана қолданылады» деді. Оның сөзіне сай, кәсіпкерлерге қатысты қолданыстағы заңдарға дел­далдың рөлі мен қызметін, сон­дай-ақ сыйақасының көлемін заң­мен белгілеп алу қажет. Егер бұл ұсыныс қолдау тапса, Қазақ­станда айлық жалақысы заңмен белгіленетін «делдал» деген жаңа ма­мандық пайда болуы әбден мүм­кін. «Қазақстандық өнімдердің баға­сына әсер ететін бірден-бір фак­тор – делдалдардың көлеңкелі экономикаға қызмет етуі. Оларды заңдастырсақ, делдалдардың кө­лең­келі жолмен алып жүрген сыйа­­қылары жарыққа шығып, қо­ғам­дық институттардың дамуы­на жұмсалар еді» деген еді Сергей Скрябин.


Түйін.


Иә, ет бағасының қым­бат­та­уы­на делдалдар әсер етеді.   Сон­дық­тан олардың жұмысын рет­теу керек. Сауда орталықтары са­тып алушы мен сатушы арасында тіке­лей жұ­мыс істесе жақсы болар еді. Соны­мен бірге ауыл өнімін тіке­лей сатып алушыға жеткізетін жәр­меңкелерді ұдайы өткізіп тұр­ған дұрыс. Мұны тұтынушының да, өнім өткізушінің де талабы деп бі­лерсіз. Әйтпесе, ет бағасы ырық бе­рер емес.


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ