Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев биыл қанша адамның баспана үшін қарыз алғанын айтты.
Оның айтуынша, несиелендіру көлемі артып келеді.
«Жыл басынан бері жалпы кредиттік портфель қыркүйектің соңында 2,3 пайызға 13,4 триллион теңгеге дейін өсті. 1-тоқсанда банктерді қалыпқа келтіру нәтижесінде, жұмыс істемейтін қарыздар есептен шығарылған соң сәуір-қыркүйекте кредиттеудің өсуі 7,4 пайыз немесе 921,8 миллиард теңге болды», - деді Досаев.
Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 1,7 пайызға немесе 121,7 миллиард теңгеге өсті. Жеке тұлғалардың кредиттік портфелі 14,7 пайызға немесе 800 миллиард теңгеге өсті. Ұзақ мерзімді кредиттер қыркүйек қорытындысы бойынша 11,4 триллион теңге, қысқа мерзімді кредиттер 2 триллион теңге болды. «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 7 қарашадағы жағдай бойынша 10 676 отбасы 122,8 миллиард теңге сомаға қарыз алды. Экономиканың басым салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын (600 миллиард теңге) іске асыру жалғасуда. 1 қарашадағы жағдай бойынша банктерде 248,3 миллиард теңгеге 393 жоба қаралуда, 142,3 миллиард теңгеге 224 жоба мақұлданды, 55,5 миллиард теңгеге 147 қарыз берілді.