Щучинск - Нұр-Сұлтан тас жолында 100-ге жуық көлік боранда қалды
Щучинск - Нұр-Сұлтан тас жолында 100-ге жуық көлік боранда қалды
© Сурет ғаламтордан
548
оқылды
Полиция қызметкерлері автокөліктер легін алып жүрген. Бірақ  бір көлік омбы қарға кіріп кетіп, оның артында келе жатқан 8 автокөлік бір-біріне соғылған Щучинск-Нұр-Сұлтан тас жолында жол-көлік оқиғасына байланысты кептеліс пайда болды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.   https://www.youtube.com/watch?v=ZMx0vYGyIC8&feature=emb_logo «26 қаңтарда Нұр-сұлтан бағытындағы тас жолда кептеліс пайда болды, дабыл бойынша барлық жеке құрам көтеріліп, олар жүргізушілер мен жолаушыларды эвакуациялау бойынша шаралар қабылдады», - делінген хабарламада.   "100-ден 60-қа жуық автокөлік Қоғам ауылына қарай жолға шығып, мектеп ғимаратында эвакуациялық пункт ашылды. Оған жеткізілген жүргізушілер мен жолаушыларға ыстық тамақ берілді", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.   https://www.youtube.com/watch?v=T9KkmIKZf8s&feature=emb_logo 26 қаңтар күні Нұр-сұлтан-Петропавл автожолында патрульдік полиция батальоны мен қар жинайтын техниканың бірнеше экипажы 250 автомашинадан және 300-ге жуық көлік құралдарынан тұратын колонналарды алып жүруді қамтамасыз етті. Соның арқасында жолаушылар Көкшетауға аман-есен жеткен. "Сағат 17: 00 шамасында Макинск маңындағы автожол учаскесінде, полиция қызметкерлері еріп келе жатқан колонна құрамындағы автомашиналардың бірінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай омбы қарға кіріп кетіп, осы автомашинамен ізімен келе жатқан тағы да 8 автокөлік бір-біріне соқтығысты", - деп хабарлады ІІМ-де.   https://www.youtube.com/watch?v=xRsAqKVg5hg&feature=emb_logo Жол-көлік оқиғасының салдарынан автокөліктер зақымданды. Сонымен қатар, жолаушылардың бірі дене жарақатымен Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан-Петропавл автожолындағы жағдай шиеленісуде. Тас жолда қар тазалайтын техника жұмыс істеп жатыр, полиция қызметкерлері автомашиналар колонналарын алып жүруді жалғастыруда,сондай-ақ омбы қарға кіріп кеткен автокөліктерді шығаруға көмектеседі. ІІМ азаматтарды жабық трассалар туралы хабарламаларды мән беруге және жолға шығып өз өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.