«ҚазАгроның» еншілес ұйымының басшысы 20 миллион теңге иеленген деген күдік бар
«ҚазАгроның» еншілес ұйымының басшысы  20 миллион теңге иеленген деген күдік бар
202
оқылды

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты корпорацияның директоры ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ҚазАгро» холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген хабарламада.  Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға теңестірілген бола отырып, өз құзыретіне кірмейтін шешімді қабылдағаны - Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік мүлік - элеваторды сату-сатып алу келісімшартын жасағаны үшін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы «Интер-Агро» және «ИнтерАгроТрейд» ЖШС құрылтайшысы мен басшысына тиесілі бұрын келісілген 200 мың АҚШ долларынан 20 миллион теңгені иемденіп кеткен.

Күдікті ұсталған. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.