Қазақстанда 1 сағатта жеті отбасы ажырасады
Қазақстанда 1 сағатта жеті отбасы ажырасады
278
оқылды

Қазақстанда ажырасу көбейген.

Орта есеппен күніне 150 жұп ажырасады. «Еуразия бірінші арнасының» хабарлауынша, некелесетіндердің саны азайған.

Статистика комитетінің дерегінше, елімізде соңғы бес жылдың ішінде некелескендердің саны 15 пайызға төмендеген. Сөйтіп былтыр 137 797 жұп қана отау құрыпты. Ал некесін бұзғандардың қатары 3 пайызға артып, өткен жылы бұл көрсеткіш 54 797-ні құрапты. Яғни отасқандардың тең жартысына жуығы ажырасып кеткен екен.

Экономика министрлігі статистика комитетінің бас сарапшысы Гүлмира Маханбетова: «Ажырасқандардың орташа жасы ер адамдарда - 38,5, ал әйел адамдарда - 34,3. Осы қаңтар-қыркүйек айындағы ағымдағы жылдың 1000 адамға шаққанда Павлодар облысында 4,2, Нұр-Сұлтан қаласы 4,1, Ақмола облысы 3,9, Алматы қаласы 3,8», - дейді.

Ресми дерекке сенсек, елімізде күніне 370 жұп шаңырақ көтеріп, оның 150-і ажырасады. Айта кетерлігі, ажырасатындардың 70 пайызының ортақ бала-шағасы бар.