Қазақстанда пилотсыз аппараттарды ұшыру үшін арнайы рұқсат алу керек.
«ҚазАқпараттың» жазуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті дрон ұшыру, іздеуге қатысты талаптарды айтты.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген ҚР Әуе кеңістігін пайдалану ережелерінің 32-тармағына сәйкес, пайдаланушылар ұшқышсыз аппараттарды ұшыру рұқсатын Қорғаныс министрлігінің Әуе қозғалысын басқару орталықтарынан ала алады. Сонымен қатар, күзетілетін нысандардың үстінен ұшыру жағдайында ол рұқсатты ҚР Мемлекеттік күзет қызметі кемінде 5 жұмыс күні ішінде мақұлдайды» делінген хабарламада.
Пилотсыз ұшу аппаратын жоғалған жағдайда дронның иесі аппаратты өзі іздеп табуы тиіс.