Ер адам әйелін өлтіріп, полицияға алып келгенде ол тіріліп кетті
Ер адам әйелін өлтіріп, полицияға алып келгенде ол тіріліп кетті
185
оқылды

Қытайда ер адам ұрыс кезінде әйелін тұншықтырып, кейін оны өлтіріп алдым деп ойлаған. Полицияға мәйітті алып келгенде әйел кенеттен тіріліп кеткен, деп жазады medialeaks.ru.

Оқиға Цзянсу провинциясында болған. Тегі Ван атты ер адам жұбайын сыммен тұншықтырған. Әйелі құлап түскенде Ван өзін-өзі ұстап бермекші болып, полицияға әйелдің мәйітін алып барған.  Алайда ол жауап беріп жатқанда әйел кенеттен тұрып кеткен. Сосын полициядан күйеуін үйге жіберуін өтінген. Әйел Ванның өзін өлтіргісі келмегенін, өзі қатты ашу үстінде есінен танып қалғанын айтқан.

Өлтіруге оқталу туралы іс сотқа жолданды. Қарашада ер адам екі жылға сотталды.