Қазақстандық диджей Grammy сыйлығына ұсынылды
Қазақстандық диджей Grammy сыйлығына ұсынылды
250
оқылды

Roses атты әнге (SAINt JHN) ремикс жасап әлемге танылған қазақстандық дид­жей Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығына ұсынылды. Үміткерлер тізімі әлемдік сыйлықтың ресми сай­тында жарияланды.

Иманбек – Grammy сый­лы­ғына үміткер алғашқы қа­зақстандық. Оның ремиксі YouTube желісінде 117 миллион рет қаралған, 20 аптадан аса уақыт бойы Billboard Hot 100 чартында үздік ондықта тұрды. Иманбек 2019 жылдың желтоқсан айына дейін теміржол станциясында жұмыс істеген. диджей Шілде айында The New York Times басылымына сұхбат берген Иманбек ата-анасымен бірге Пав­лодар облысына қарасты Ақсу қа­ласында тұратынын айтқан. Иман­бектің әкесі – өрт сөндіруші, анасы туристік агенттікте жұмыс істейді. Сонымен қатар музыкант жа­қында атақты америкалық әнші, биші, актер, R&B бағытындағы табысты әртіс Usher және Marshmello деген лақап атпен та­нымал диджеймен бірлесіп Too much атты ән жазды.

Айдар ДӘУІТҰЛЫ