Досының тойына 6 жүкті әйелімен келген ер адам жұрттың назарына ілікті
Досының тойына 6 жүкті әйелімен келген ер адам жұрттың назарына ілікті
301
оқылды

Нигерияда ер адам алты бірдей жүкті әйелімен бірге досының үйлену тойына келіп, жұрттың назарына ілікті деп жазады golos.ua.

Лагоста Club Uno түнгі клубының қожайыны Майк Эзе-Нвали Нвогу актер досы Уильямс Учебмбаның үйлену тойына 6 жүкті әйелін ертіп келген.

"Сымбатты Майк" лақап атымен танымал азамат алты әйелінің де өзінен жүкті екенін айтады.

The Sun басылымының мәліметінше,  Майк АҚШ-та білім алған. Бір бәйбішесі мен алты тоқалы бар ол досының тойына барғанда түскен суреттерді  Instagram парақшасында жариялады. әйел Сөйтіп, той қонақтарының назары жас жұбайларға емес, алты әйелін ерткен азаматқа ауды. Алты әйелі де тойда бірдей түсті көйлек киіп, еш қымсынбастан жүрген. Жұрттың назарын жақсы көретін ер адам кезінде әйелдерді қарғыбаумен иттерше далада серуендеткені үшін жауапқа тартылған болатын. Еске сала кетейік, бұған дейін тойдан соң 7 адамның қайтыс болғаны туралы оқиға жайлы жазған болатынбыз.