Елімізде күннен күнге зорлық-зомбылық көбейіп тұр. Оның бәрі бірдей тіркеліп, сотқа жетіп, қаралып жатқаны да саусақпен санарлық. Бірақ іштегі зарын тарқатып, бас сауғалап, өзгеден көмек күтетін жандар жетіп артылады. Солардың үнін тыңдап, сөзіне құлақ асып, септігін тигізуге атсалысып жүрген дағдарыс орталықтары мен қор жеткілікті. Соның бірі – «Не молчи» қоры. Мұнда олар көпке айта алмаған сырын, ішкі жан-дүниесін, құпиясын бөліседі. «Бәрінен бұрын жасалып жатқан қылмыстар күннен күнге түрленіп, күрделеніп, тіпті жан шошытарлық деңгейге жетіп келеді» дейді қор жетекшісі Дина Таңсәрі.
Мәселен, жыл басынан бергі 6 ай ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 879 қылмыс тіркелген. Ал сегіз айдың көрсеткіші бойынша, оның 550-і жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты екен. Олардың көпшілігі – 250-і – күш қолдану, бопсалау, қорқыту немесе баланың дәрменсіздігін қолдану арқылы зорлық-зомбылық жағдайлары. Әйтеуір, осы бір жылдың ішінде тікелей байланыс арқылы 4530 адамға көмек берілген.
Мәселен, Шымкентте 12 жастағы жасөспірім 4 пен 8 жас аралығындағы көрші тұратын 5 балаға ойына келгенін істеген. Ол жай ғана балалық бұзақылық болса, көз жұмуға болар еді. Бірақ ол өзінің ересектігін пайдаланып, үлкендердің ойынымен ойнаған. Оның бұл өрескел ісі жасөспірім болғандықтан қылмыстық айыптауға жатпай, ешқандай жазаға тартылмады. Ал енді ол баладан қандай болашақ көріп отырсыз? Өз ісін түсініп, өзіне сабақ болса, бір тәйірі. Мұның жазасы жоқ деп, ертең еркінсіп кетпесіне кім кепіл?!
13 қараша күні олар «Магнум» гипермаркетінен шығып, Қапшағайға жол тартады. Барар жолда ол дәрет сындыру сылтауымен жол жиегіне тоқтап, көліктен түсіп кеткен. Қайта келгенінде әйелі көлікте пышақталған күйі көз жұмған. Ол сол сәтте не жедел жәрдем, не полицияны шақырмастан, әйелінің ата-анасына хабар берген.
Мәселен, Израильде баланың алименті үшін анасы соттың табалдырығын тоздырмайды. Ол жақта ерлі-зайыпты ажырасса, үкімет баланың жылдық шығынын есептеп, әкесіне алиментті төлеуге міндеттейді. Сондықтан мемлекетіміз елдегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің әрқайсысына барынша көмек қолын созуы тиіс. Әйтпесе, ертең дені сау ұрпақ сақтай алмай қаламыз. Ұрпағы жоқ елдің – ертеңі жоқ. Қазір жасөспірімдер бірін-бірі зорлап жатқанда, ертеңгі болашағымыз не болмақ?! Сол үшін де зардап шеккендерге айтарым, агрессияға шыдап жүре бермей, қарсылық таныту керек. Қай-қайсыңыз болса да, үнсіз қалмаңыздар деп кеңес берер едім.
2020 жылдың екінші қарашасында Батыс Қазақстан облысының Ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Шара Зайнуллина Ерлан Ислямгалиевке үкім шығарды. Оны 13 жыл бас бостандығынан айыруға және 10,5 миллион теңге материалдық және моральдық залал өндіруге үкім кесті. Ислямгалиевті «Адамды кепілге алу», «Зорлау», «Жәбірлеу», «Бопсалау» баптары бойынша соттады. Қазір облыс полициясында Ираида Ислямгалиеваға қатысты әлі де бірнеше қылмыстық іс бар. Нақты қанша екенін полиция да анықтаған жоқ. Міне, бізде осындай жағдайлай өте көп.