Төрт оқушы мұғалімнің өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталды
Төрт оқушы мұғалімнің өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталды
691
оқылды

Францияда тағы төрт оқушы география тарихы және қоғамтану пәнінің мұғалімі Самюэль Патиді өлтіруге қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Korrespondent.

Тергеушілер үш күдіктіні "террористтің сыбайласы" деп есептейді. Бір оқушы аса қатігездікпен өлтірілген оқытушы туралы жалған ақпарат таратты деп айыпталып отыр.

Патидің ісінде барлығы 14 фигурант бар. 22 қарашада айып тағылған 7 адамның екеуі кәмелет жасына толмағандар болып шықты.  Үшеуі 6 қарашада ұсталды, оның екеуі 18 жастағы жас жігіт және біреуі 17 жастағы бойжеткен. Еске сала кетейік, бұған дейін Францияда Мұхаммед пайғамбардың карикатурасымен лекция оқыған тарих пәні оқытушысының басын шапқанын жазған болатынбыз.