«Қазгидромет» РМК 27 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Атап айтқанда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 15-20 м/с артады.
Шымкент қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады.
Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады.
27-29 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын болжанады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, 28 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді.