Алматыда тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған әйел ұсталды
Алматыда тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған әйел ұсталды
251
оқылды
Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған алаяқ әйел ұсталды. Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, ұсталған М. есімді әйел алаяқтық әрекеті үшін бұрын сотталған болып шықты. Бұл жолы 60 жастағы әйел өзін саяси партия мүшесі ретінде таныстырып, адамдардың сеніміне кіріп, олардан ірі көлемде ақша алған.
«Алаяқтың арбауына түскендердің көбі өзінің таныстары. Араларында баспанаға мұқтаж емес, тіпті бақуаты тұратындары да бар. Олардың таныстарының сөзіне сенгені соншалық, кейбіреуі тіпті банктен несие де алған. Қаржыны тұрғындар алдын ала пәтер кезегіне тұру үшін берген. Адамдардан алынған қаржы көлемі 300 мың мен 1,5 теңгенің аралығында. Алайда, әккі келіншектің біреуге көмектесу деген ниеті болмаған. Оған алданғандардың ешқайсысы баспаналы болмады. Ал алаяқтық жолмен қолына түскен қаражатты әйел жеке пайдасына жұмсаған»,– дейді Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Қазіргі таңда, күдіктінің осындай сегіз алаяқтық қылмысқа қатысты бар екені анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.