Автобус қақтығысы: кім кінәлі?
Автобус қақтығысы: кім кінәлі?
329
оқылды

ХХІ ғасырдың ең үлкен дерті – жол-көлік апаты. Қа­зір жеңіл көліктің соқ­ты­ғы­суы қалыпты жағдайға ай­нал­ды. Автобус та одан қа­лыспай тұр. Биылдың өзінде ел аста­насында екі бірдей автобус апаты болды. Со­ның бірі – күні кеше Пушкин көшесі мен Абылай хан даң­ғы­лындағы қоғамдық кө­лік­тің трактормен қақтығысы.

Қарсы беттен келе жатқан ав­то­бус тракторға жол бер­ме­ген. Astana LRT апаттың мән-жайын түсіндіріп, қар трак­торының жүргізушісі солға бұ­рылғанда қарсы беттегі №40 бағыттағы автобусқа соқ­ты­­ғыс­қанын айтады. Қатты соқ­­қы­ның кесірінен GAZelle микро­ав­тобусын жанап өткен. Автобустың алдыңғы бөлігі мен сол жақ қыры және екі жақтағы әйнек терезелері сынған.

Апат салдарынан 7 адам ау­ру­ханаға жеткізілді. Бір жұ­ба­тарлығы, зардап шеккендердің арасында балалар болмаған. №1 қалалық ауруханаға жеткі­зіл­ген науқастың алтауы тексеріс­тен кейін, тұрғылықты жері бо­­йын­ша амбулаторлық емдеу­ге жіберілген. Ал біреуі травма­то­логия бөліміне жатқызылды. Қазір науқастың жағдайы орта­ша.

Дәл осындай апатты жағдай 23 қыркүйек күнінде де болған еді. Ол кезде жолаушылар таси­тын автобус жүк көлігімен соқты­ғысқан болатын. HOWO көлігін басқарған 22 жастағы жүргізуші А-187 көшесінің бойымен екінші жолмен келе жатқан. Байырқұм көшесінен Мұстафа Кемал кө­шесінің қиылысында, тегіс емес жолдың бойында жүргізуші көлік құралын жіберместен №64 автобуспен қақтығысқан. Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушылар жарақат алды. 22 жолаушы қалалық ауруханаға түсіп, медициналық көмек көр­сетілген.

Ал осыдан он күн бұрын №53 автобус теміржол жиегінде тепловозға соғылған. Қоғамдық көлік тепловоз келгенше, өтіп үлгермекші болған. Осы видео әлеу­меттік желіде кеңінен та­рал­ды. Қуантарлығы, сол сәтте қо­ғам­дық көлікте ешбір жо­лау­шы болмады. «Қоғамдық кө­лік­тің жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылады. Ол жұмыстан шет­тетіліп, қайта оқуға жіберіледі» деп мәлімдеді Astana LRT бас­қар­масының өкілі.

Бұл видеоның өзіне түрлі ком­ментарийлер жазылып жа­тыр. Оның арасында «Нұр-Сұлтанда автобустың соқты­ғы­суы челленджге айналып кет­кен жоқ па?» дегендер де бар. Құдай сақтасын, бұл челленджге ай­налатын нәрсе емес. Адам тағ­дырына салғырт қарауға бол­май­ды. Қазір Қазақстан өлім деңгейі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Жол қозғалысы қауіп­сіздігі жөніндегі жалпы қа­уым­дастықтың бас хатшысы Алексей Алексеевтің айтуынша, Қа­зақстандағы жол апатына ұшы­рау қаупі Норвегиямен са­лыс­­тырғанда 11 есе жоғары екен.

Жақында Астанада өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында елі­міз жол апаты бойынша әлемде – бірінші орында. Сонда біздің жолдарымыз жылына үш мыңнан астам адамның өмі­рін жалмап отыр. Оған қоса, 30 мыңнан ас­тамы ауыр жара­қат алады. 24,2 апаттық жағ­дайдың соңы өліммен аяқ­та­­луда. Апаттың барлығына жол­­дың нашарлығы себеп емес, жүргізушінің жа­уап­­сыздығы да бар. Ал көлік жүр­гізушісі өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне жауапты екенін сезіне ме екен?!