Сарыағаш: Ақиқатты айтқан ана ұлының зорланғанын дәлелдей алмай жүр
Сарыағаш: Ақиқатты айтқан ана ұлының зорланғанын дәлелдей алмай жүр
207
оқылды

Бір жылдан бері әділдік іздеген ана Алтынкүл Арапова «Астана» арнасына мұңын айтқан. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны мектепте оқитын ұлының зорлық көргенін дәлелдей алмай жүр.

«Астананың» мәліметінше, оның 14 жастағы ұлын интернатта бірге жататын ауылдастары зорлап келген. Бірақ олар сотта ақталып шыққан. Баласы бастауышты бітіргелі ауылдастарынан ажырамай, интернатқа келген. Анасының айтуынша, осында оны өзінен жоғары класта оқитын ағайынды екі бала зорлап келген.  Былтыр қыркүйекте белгілі болған іс сотқа да жеткен. Бірақ судья зорлау расталмады деп айтқан. Алтынгүл Арапованың айтуынша, ақиқатты айтуға жемқорлық кедергі көрінеді.

«Мені тыңдаған да жоқ, сол барлығы бір ауыл боп, бір ауыз боп барлығы акимият, мектеп, интернат барлығы Сарыағаш, Түркістан облысы барлығы осы істі жапты. Қазір ақшамен жабады, бәрі ақша деп ойлаймын», - дейді Алтынкүл Арапова.

Баланың адвокаты ұсынған дәлелдерге ешкім мән беріп қарамаған. Бала былтырдан бері «сыныптастары мазақтайды» деп сабаққа бармайды.