Тараз: Қасақана түсік жасатпақ болған дәрігерлерді сотқа берді
Тараз: Қасақана түсік жасатпақ болған дәрігерлерді сотқа берді
213
оқылды

Таразда дәрігерлердің жүгенсіздігінен шаршаған әйел оларды сотқа берді.

Себебі, жүкті кезінде дәрігерлер әйелге түрлі патологиялық диагноз қойған.

Тараздық гинекологтар Надира Бешалиеваға қасақана түсік жасатпақ болған. Бұл жайында тараздық әйел Әділет министрінің қатысуымен өткен Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында айтты.

Оған дәрігерлер жүктіліктің 6-айында балаға түрлі патологиялық диагноз қойған. Сәби тумай жатып шетінейді деп үрейлендірген. Соған қарамастан, Надира Бешалиева сау баланы дүниеге әкелген. Бірақ жауапты мекеме арнайы медициналық сараптама қорытындысын әлі бермеген.

- Сараптаманы күткеніме 7 айдан асты. Бірақ, әлі күнге дейін сот-медициналық сараптама қорытындысын ала алмай отырмын. Тараз, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының өзінде сараптама жасата алмай жүрмін. Қанша уақыт болды күткеніме. Маған ақша да, басқа да қажет емес. Бастысы дәрігерлер заң алдында жауап берсе екен, - деді Надира Бешалиева.

Әділет министрі Марат Бекетаев мәселені жіті қадағалайтын болды.