Жүгенсіз жүрген жылқыдан сатып құтылмақ болған
Жүгенсіз жүрген жылқыдан сатып құтылмақ болған
196
оқылды

Түркістан облысында қараусыз жүрген жылқыларды сатып жібергендер анықталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Түркістан облысында полицейлер қараусыз жүрген жылқыларды иемденіп, арзан бағаға сатып жіберген күдіктілерді ұстады.

«Жылқыны іздеу үшін полицейлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жылқылардың жоғалған жерлерін, оған жақын аймақтарды аралап шықты. Көрген-білгендерден сұрастырды. Өзі кішкене ғана ауыл болғандықтан, кіріп-шыққан көліктер жайлы да тың деректер алды. Соның нәтижесінде, мал сатып алумен айналысатын азаматтардың көліктері кіріп-шыққаны белгілі болды. Кешке полицейлер көлікті мемлекеттік нөмірі арқылы Бәйдібек ауданынан тапты. Мал сатып алушылардан жылқылар алынып, заңды иесіне қайтарылды» делінген хабарламада.

Тергеу кезінде 2 жеке кәсіпкер жайылымдарында жүгенсіз жүрген жылқыларды сатып құтылмақ болғаны анықталған.