Бұрынғы вице-министрді қамату кімге тиімді?
Бұрынғы вице-министрді қамату кімге тиімді?
5,480
оқылды

Бұрынғы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков бір жарым жылдан астам уақыт бұрын аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша күдіктеліп, ұсталған.

«Времяның» жазуынша, экс-шенеунік 20 айдан соң алғаш рет осы іске қатысты пікірін білдірген.

Ғани Сәдібеков енді ғана өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, жеке пікірін айтқан.

Ол 2018 жылғы 1 наурызда баласын мектепке апарған соң, өзіне құқық қорғау органдарының қызметкерлері жақындап, қызметтік куәліктері мен қаулыны көрсеткендерін айтады. Айтуынша, алғашқыда ол не болып жатқанын түсінбей, есеңгіреп қалған.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұрынғы вице-министрден ірі көлемде ақша тәркіленгенін хабарлаған еді. Сәдібековтің пәтерін тінту кезінде қызметкерлердің 2 мың доллар тапқан. Бірақ шенеуніктің өзі бұл «қаржы жымқырды» дегенді білдірмейді деп санайды.

Экс-шенеуніктің айтуынша, өзін тергегенде одан миллиардтаған қаржы таппаған.